Коммуналдық тарифтер төмендетілді

276

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкент қаласында барлық коммуналдық қызметтер тарифтері төмендетілді.

Қалалықтар қаңтар айына арналған түбіртектерде коммуналдық қызметтер тарифтерінің  төмендегенін көре алады. 2018 жылдың желтоқсан айының түбіртектерімен салыстырғанда 2019 жылғы қаңтар айының түбіртектеріндегі көрсетілетін қызметтердің 1 шартты бірлігіне тарифтер мынадай  деңгейде төмендетілген:

«ҚуатжылуОрталық-3» МКК–нің жылумен жабдықтау бойынша орташа тарифі тұрғындарға 1 Гкал үшін  6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге немесе 18,9%-ға, сонымен қатар есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін 1 шаршы метрге 142,31 теңгеден 110,78 теңгеге немесе 22,16%-ға төмендеді; тозығы жеткен үйлерде 1 шаршы метрге 118,58 теңгеден 92,31 теңгеге немесе 22,15%-ға төмендеді. Заңды тұлғалар үшін орташа тариф 1 Гкал үшін 17319,26 теңгеден 15587,34 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сумен жабдықтау бойынша тарифі тұрғындарға 1 м3 үшін 97,97 теңгеден 88,17 теңгеге немесе 10%-ға, ал заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 333,96 теңгеден 300,56 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді. Суды бұру бойынша тариф тұрғындарға 1 м3 үшін 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге немесе 10%-ға, заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 170,26 теңгеден 153,24 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ  ШӨФ-ның газбен жабдықтау бойынша тариф тұрғындарға 1 м3 үшін 34,4752 теңгеден 32,47431 теңгеге немесе 5,8%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

«Энергопоток» ЖШС-нің электр энергиясымен жабдықтау бойынша тарифі
электр плиталарын пайдаланатын тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа:

— 110 кВт/сағ-қа дейін – 12,9360 теңгеден 12,0512 теңгеге немесе 6,8%-ға;
— 110 -нан 170 кВт/сағ-қа дейін — 18,8720 теңгеден 17,5840 теңгеге немесе 6,8%-ға;
— 170 кВт/сағ-тан жоғары — 23,5872 теңгеден 21,9744 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді.

Электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа:

— 70 кВт/сағ-қа дейін – 14,4816 теңгеден 13,4960 теңгеге немесе 6,8%-ға;
— 70 -тен 140 кВт/сағ-қа дейін — 18,8720 теңгеден 17,5840 теңгеге немесе 6,8%-ға;
— 140 кВт/сағ-тан жоғары — 23,5872 теңгеден 21,9744 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді.

Заңды тұлғалар үшін 27,17 теңгеден 25,32 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

shymkent.gov.kz