Адам мәйіті табылған жәйт бойынша Төлеби ПБ-де сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Бірінші наурыз күні Төлеби АПБ-нің кезекшілік бөліміне Леңгір қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тез арада Төлеби АПБ-нің жедел-тергеу тобы жеткен.
«Сарапшылардың алдын ала келтірген деректері бойынша өлімге иіс газдан улану себеп болған. Сотқа дейінгі тексеру амалдары кезінде оқиғаның әлі де толық мән жайы анықталады»-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.