ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Сатыбалды және Нұрлан Бекназаров Шымкенттегі №129 мектепті аралап, білім ошағының жағдайына қанықты. Бұл мектепте 1500 бала екі ауысымда оқиды.
2017 жылы пайдалануға берілген білім ошағы 1200 орындық. Асхана, спортзал, кітапхана, шеберхана мен пәндерге арнайы жабдықталған бөлмелер — бәрі де заманауи үлгіде.
«Балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек ететін ұстаздардың ролін, мәртебесін арттыру үшін олар әлеуметтік қорғалуы керек. Тиісінше, жалақылары аз болмауы керек» дейді сенатор Д. Сатыбалды.