Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы филиалының, сондай-ақ «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылығымен Мемлекеттік қызмет мектебі студенттерінің «галстуксіз» еркін форматты кездесуі өтті.
Бейресми кездесу Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттерін екі апталық оқытудың қорытынды кезеңі болды, оның басты мақсаты жастарға өмірлік және кәсіби тәжірибе, мемлекеттік қызметте орын алып жатқан реформалар бойынша ақпарат беру және идеялармен алмасу болды.
Мемлекеттік қызмет мектебінің 50-ден астам жас өкілдері басшылардың қызықты өмірлік оқиғаларын тыңдап, әзілдесіп, әр түрлі сұрақтар қойды.
Кездесу позитивті түрде өтті және жастарға белгілі бір қорытынды жасауға, ал басшыларға мемлекеттік қызметтің жаңа буынының жинап келе жатқан күшін және тәжірибесін бағалауға көмектеседі.