Наурыз айында жарты ай демаламыз. Дәлірек айтсақ, тұрғындар 14 күн демалыс алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мереке күндері демалыс күндеріне сәйкес келсе, онда демалыс уақыты сенбі мен жексенбіден кейінгі келесі күн болып саналады.
Биылғы Халықаралық әйелдер күні жұма күні өтеді, сондықтан алғашқы ұзақ демалыс 8-10 наурыз аралығында өтеді (жұмадан жексенбіге дейін). Наурыз мейрамын бес күн бойы — 21 наурыздан 25 наурызға дейін атап өтеміз. Яғни, бейсенбіден дүйсенбіге дейін.
Сонымен қатар, дәстүрлі сенбі және жексенбі күндері. Нәтижесінде, көктемнің алғашқы айында Қазақстан азаматтары жарты ай яғни, — 14 күн демалады.