Шымкенттегі оңалту орталығына келген 60 бала аяқтан тұрды. 2018 жыл қортындысы бойынша қаламыздағы орталық 1300 баланы қабылдаған. Олардың бірі тіл мүкістігіне душар болса, келесісі өздігінен жүре алмайды. Осы сынды бірқатар дерт арқалаған жандар мұнда 18 күн ем алады екен. Ал, одан соң алғыс айту үшін тілашар тойы мен тұсаукесер өтеді. Бүгінгі думан да дәл осы меркемен тұспа-тұс келіп отыр.
Жанат Тоғайбекова, №1 оңалту орталығының бас дәрегері: «Біздің орталыққа балалар әр 18 күн сайын жатқызылады. 18 күн сайын 100 бала келеді. Ол 1 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектер. Кішкентай нәрестелеріміз ата-аналарымен жатады. Ал, 3 жастан жоғары ата-анасыз жатқызылады».
Тұсау кесер тойынан соң бұрымдылар өз шеберліктерін паш етті. Он қолынан өнер тамған ем алушылар дастархан да жайған екен. Ал, ісмер қыздар бұйымдарын көрсетті. Барлығы да оңалту орталығына келетін кішкентайлар үшін.
Айкен Ергешова, орталық емделушісі: «Бізде бұл балалардың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі. Бұл жерде балалар заттардың пішіндерін ажыратуда, оларды жабыстыруды үйренеді. Және моншақтарды санап үйренеді. 18 күн бойы жасаған жұмыстарымыз. Және басқа да жұмыстар жасаған болатынбыз
Назерке Үкібасова