Оқ дәрі толы Джип көлігінің рулінде әйел адам отырған. 14 наурызда сағат 10:30-да «Қорғас» шекара заставасының шекара күзетшісі 1978 жылы туылған қазақстандық азаматшаны ұстады, ол Қазақстаннан «TOYOTA PRADO» жеке автокөлігімен Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығын бетке алған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Альфа қызметтік итімен автокөлікті тексерген кезде, шекарашылар оң есікте орналасқан 7.62 * 39 мм калибрлі 13 жауынгерлік патрондар тапты. Оқ дәрілердің шығарылған жылы көрсетілмеген.
Автокөлік кедендік автотұраққа қойылды. Іс материалдарымен Панфилов аудандық полиция бөліміне алдын ала тергеу жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.