«Ордабасы» Шымкент клубы Қазақстан премьер-лигасының бірінші турында Қарағандының «Шахтёр» командасын жеңді. Қажымұхан атындағы орталық стадионда өткен ойын алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, «Ордабасының» биылғы алғашқы ресми ойынына қала әкімі Ғабидолла Әбдрахымов қатысты. «Ордабасы» құрамында бірде-бір жергілікті футболист болған жоқ. Алаңға команданың жаңа 6 ойыншысы шықты. Алғашқы сәттерде-ақ екі команда белсенді ойын өрнегін көрсетті. Алайда, Кахабера Цхададзеннің қамқорындағылар өздерінің мықтылығын байқатты.
Алғашқы қауіпті сәт кездесудің жетінші минутында өтті. Дегенмен, командаға жаңадан қосылған Жоао Пауло қарсыластарына төтеп берді.17-минутта Алексей Щеткин матчта тағы есеп ашуға әрекет жасады. Алайда, «Шахтердің» голкипері Игорь Шацкий өз командасын қорғап қалды.
Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды. Есеп матчтың 70-ші минутында ашылды. «Ордабасының» алғашқы голын биылғы маусымда Жоао Пауло соқты. Араға 7 минут салып алаң иелері өз қоржындарын молайта түсті. Екінші голды «Шахтердың» қақпасына Махлангу Май Сифиве салды.
Небәрі 3 минуттан кейін-ақ Жоао Пауло қарсыластар қақпасына кезекті гол салып, есепті қорытындылады. Шымкент командасының келесі ойыны 15 наурызда жұма күні болады. «Ордабасы» өз алаңында «Актөбені» қабылдайды.