Шымкентте Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығына сірке қышқылымен уланған әйел түскен.
Мұндай қадамға әйел күйеуімен отбасылық жанжалдан кейін барған. Сегіз күн бойы ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Дәрігерлердің қатаң бақылауында болды. Бүгінгі күні науқас жалпы бөлімге ауыстырылды. Токсикологтар оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелде ішкі ағзаларын ауыр күйік шалған,бұдан кейін ол ұзақ емделуіне тура келеді.