«Отырар» ТА қыздар командасы боулингтен бірінші орынды иеленді

448

Шымкентте Халықаралық әйелдер күні қарсаңында БАҚ-та жұмыс істейтін әйелдер арасында боулингтен турнир өтті.

Бірінші турдан кейін «Отырар» ТА тілшісі 95 ұпаймен финалға шықты. Әрине соңғы мәреде кіл мықтылар сайысты. 140 ұпаймен «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразова бірінші орынға ие болды. Екінші орын «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Перизат Биназароваға бұйырды. Ал үшінші орынды «Tengrinews» сайтының тілшісі Марина Низовкина иеленді.

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, спорт департаментінің, Ауған соғысы ардагерлер одағының және қалалық мәслихат депутаттары атынан бас демеуші «Мадлен» компаниясының сыйлықтары үлестірілді.

БАҚ өкілдері осы турнирді ұйымдастырушы «Оңтүстік» телеарнасының ұжымына алғыс жаудырды. Қоғамның қозғаушысы тілшілер қауымы өздері қайнаған іс-шаралардың ортасында жүрсе де, ұдайы назардан тыс қалып жатады. Көктемнің алғашқы мерекесінде көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұйымдастырлушылардың еңбегі расында мақтауға тұрарлық.