Пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны 3,3 пайызға артып отыр

196

Түркістан облысы бойынша 2019 жылғы қаңтарда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 36,1 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 35,6 мың шаршы метр.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 3,3 есеге артты. 2019 жылғы қаңтарда тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындары 74,2 мың теңгені және халық салған тұрғын үйдің шаршы метрі 72,9 мың теңгені құрады.

stat.gov.kz