Президенттің өкілеттігін атқару Қ.Тоқаевқа жүктеледі

206
inform.kz

Президенттің өкілеттігін атқару Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктеледі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде айтып өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты адам» деп атап өтті Н.Назарбаев.