фото Stan.kz

Түркістан облысының ПД полицейлері «Стоп-траффик» жедел- профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Аталмыш шараның негізгі мақсаты жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу және алдын-алу, ескерту.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы мүмкін орындарын тексерді.

«Стоп-траффик» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың 5 жайтының жолын кесті. Тәртіп сақшыларымен 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздар есепке алынды. Барлық аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Мәселен, 15 наурыз күні Сайрам ауданында жүргізілген жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша полицейлер жергілікті қонақ үйлердің біріндегі притонды анықтады. Онда қонақ үйдің меңгерушісі сол жерде жұмыс жасайтын жеңіл жүрісті қыздардан притон ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналыстырған. Жедел уәкілдер ұсталғандардан ақша, травматикалық тапанша және басқа да айғақты заттарды тәркіледі.

Бүгінгі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер травматикалық тапаншаны сақтаудың заңдылығын тексеруде.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді: егер де сіз адам саудасына қатысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, қандай-да бір ақпарат білсеңіз, «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

ТО ПД Баспасөз қызметі