Енді Сарыағаштағы ерлі-зайыптылардың ажырасу жағдайы едәуір азаюы мүмкін. Себебі, бүгін Сарыағаш аудандық сотының жанынан «отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында «отбасы орталығы» ашылды.
Ендігі жерде осы (суретте) аядай ғана бөлмеде талай жанұяның тағдыры қаралып, тарқатылмақ. Дәлірегі, ауқымды пилоттық жоба, ондағы орталыққа тәжірибелі психологтар, медиаторлар мен адвокадтар және судья жұмылдырылған.
Некені бұзу туралы талап арызды алдымен медиатор қарап, тараптарды татулыққа шақырады екен. Сондай-ақ, Республика көлемінде қолға алынған бағдарлама арнайы баспалдақтар арқылы жүзеге асады. Және қуантарлығы, ауданда осы жобаның көмегіне жүгіну арқылы жанұясын сақтап қалушылардың қатары артып келеді.
Зәуре Алсеева, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы бойынша бекітілген судья: «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы 141 талап арыз, 1 азаматтық іс түскен, 2018 жылдын 28 іс қалдық болып өткен, 6 арыз кері қайтарылған. 57 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде, ерлі-зайыптыларды ажырату туралы 33 шешім шыққан».
Мөлдір Бекеева