Сарыағашта «Отбасы орталығы» ашылады

374

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында «Отбасы орталығы» ашылмақ.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасын одан әрі іске асыру аясында 20-наурызда Сарыағаш аудандық сотының ғимаратында «Отбасы орталығының» салтанатты ашылуына арналған іс-шара өтеді.

Ашылу рәсіміне облыстық​ және аудандық соттардың судьялары, Сарыағаш ауданының әкімі, аудандық прокуратураның, Ішкі істер, Әділет басқармаларының өкілдері, сонымен қатар, аудандық Ішкі саясат, Білім бөлімдерінің, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің және АХАТ секторының қызметкерлері, Сарыағаш аудандық, қалалық ақсақалдар алқасының, әйелдер кеңесінің төрағалары,​ медиаторлар қатысады деп күтілуде.