Сағат 02.30-дар шамасында «Қордай» шекара заставасының аумағында шекара наряды түнде көретін дүрбінің көмегімен көрші елден шекараға қарай келе жатқан бір адамды байқаған.
Заставадан шыққан дабыл тобы түн қараңғылығын пайдаланып, Мемлекеттік шекараның қоршауынан өтіп, біздің аумаққа қарай ене берген «шақырылмаған қонақты» қарсы алдынан күтіп алды.
Ешқандай құжаты жоқ адам өзін 28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматымын деп таныстырды. Құқық қорғау орындары хабарланды, тексеру шаралары жүргізілуде.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі