Күнгейде көктемнің алғашқы айының соңы жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауумен аяқталмақ. 28 наурызда Шардарада бұршақ жауса, ал кешке Шымкентте төпеп берді. Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаға түсіріп үлгерген.
Ауа — райын болжаушылардың айтуынша бүгін оңтүстіктің кейбір жерлерінде күшті жел болуы мүмкін. Негізінен тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде – найзағай болуы мүмкін.
Түркістан облысында таңертең және түстен кейін кейбір жерлерде найзағай ойнап, жел күші 15-20 м / с, құбылмалы болады. Жаңбыр жаууы ықтимал.