Шардара қаласында желкенді қайық спортынан Қазақстан Республикасының ашық Кубогы өтуде.
Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, облыстық есу және желкенді қайық спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменов, республикалық желкенді қайық спортының мемлекеттік жаттықтырушысы Мақсұт Нарбаев сөз сөйлеп, келешекте Шардара су қоймасында осынау спорт түрін дамытуды қолға алып жатқандарын айтып өтті.
Салтанатты шарада Шымкент қаласынан келген «Қазына» би тобы, «Дара» триосы өнер көрсетіп, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ашық Кубок жарысына Түркістан, Алматы облыстары мен Балқаш қаласының және көршілес Өзбекстан республикасының спортшылары келіп қатысуда.
Желкенді қайық спортынан өтіп жатқан ашық Кубок жарысы наурыз айының соңында мәреге жетеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.