Шекарада заңсыз зоопарк ұсталды

314

Қордайлық шекарашылар «Қарасу» көлікті бақылау пунктінде «Форт Транзит» автокөлігімен құжатсыз әкеле жатқан хайуанаттар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Форт Транзит» автокөлігімен 15 жабайы мысық, 25 кірпі, 10 қоян және 3 пони алып келе жатқан 31 жастағы қазақстандықты ұсталды. Жануарлар Жамбыл облысының малдәрігерлік қызметіне тапсырылды», делінген хабарламада. Шекарашылар 23 наурызда Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға келе жатқан 45 жастағы РФ азаматының жекеменшік «Вольво» автокөлігінен «Гроза-041» травматикалық тапаншасын және оның оқ-дәрілерін тапты. Ұсталған азамат қару-жарағымен Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Сол күні «Мерке» тексеріп-өткізу пунктінің «Айша Бибі-авто» бөлімшесінде 100 литрден астам дизель отынын, Қордайда 500 литр АИ-92 бензинін елден заңсыз шығармақ болған Қырғыз елінің 4 азаматы ұстады. «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде көрші елден жаяу келе жатқан 27 жастағы қазақстандықтың қол жүгінен әртүрлі маркалы 2 460 қорап темекі табылып, Мерке ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды. Сарыағаш шекара отрядының «Б.Қонысбаев» бөлімшесінде Қазақстанға келе жатқан 31 жастағы Өзбекстан азаматының «Daewoo lacceti» автокөлігінің жүксалғышынан 70 кг насыбай табылды.