Шымкент прокуроры көктем мерекесімен құттықтады

519

Шымкент қаласының прокуроры аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады! Шымкент қаласының прокуратурасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Бүгінгі күні қала прокуратурасы органдарында 54 қыз келіншек жұмыс жасап, ер азаматтар секілді қоғамның барлық салаларындағы заңдылықтың сақталуына өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, жиынға прокуратура органдарындарының ардагер апа, әпкелеріміз де қатысты.

Жиын барысында қала прокуроры, нәзік жандыларға жылы лебіздерін білдіріп, заңдылықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін алғысын жеткізді.
«Біз бүгін өз тағдырларын прокуратура органдарында қызмет етуге арнап, отбасына деген қамқорлықты, бала тәрбиелеу міндетін қатар алып жүрген әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз» — деді Қожабаев Мақсат

Бұл күні қала прокуратурасының 16-дан астам қызметкерлері ведомстволық наградалар және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.