ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде қала тұрғындары мен жұма намазына келуші жамағатқа бауырсақ үлестірді.
Дін мен дәстүр сабақтастығын басшылыққа алған мешіт имамы Бақдаулет қажы Абдрахмановтың бастамасы аясында мешіт ауласында ұзыннан ақ дастархан жайылып, бауырсақ пен тәттілер қойылды.
Осылай жасау арқылы мерекелік көңіл күй сыйлап, дін мен дәстүрді және теріс ағымдардан сақтану, жастар тәрбиесі т.б. асыл құндылықтар жөнінде насихат жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, шара аясында 200 литр наурыз көже және 50 кг бауырсақ қайырымдылық негізінде тегін таратылды.
Осы игі шараны ұйымдастырушыларға мешіт ақсақалдары мен жамағаттары өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі