Шымкентте өткен бизнес-жәрмеңкеде балалар 225 мың теңге табыс тапты

361

Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылған балалар бизнес-жәрмеңкесі сәтті өтті. Оған 5-14 жас аралығындағы шамамен 70 бала қатысты. Олар қолмен жасалған көптеген өнімдерді соның ішінде тәттілер, сусындар, кондитерлік бұйымдар, суреттер, қолөнер, зергерлік бұйымдар, аксессуар, қойын дәптер, ұялы телефон, гүлдерді көпшілікке ұсынды. Балалар жәрмеңкесіне 2000-нан аса шымкенттік қатысты.

Осылайша, жас кәсіпкерлер қонақтарға өз тауарларын сатты. Сұраныс жоғары болғаны соншалық, қатысушылар осындай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыруға ниет білдіріп отыр.

Бірінші балалар жәрмеңкесінде 225 мың теңге табыс тапты. Балалар бұл соманың 10 пайызын — «Жануарларға арналған екінші үй» қайырымдылық қорына аударды.

Қатысушылар мен қонақтарға жәрмеңке өте ұнады, олар тұрақты түрде алдағы уақытта өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді. Аталған іс-шараны «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен «Shymkent» ӘКК ұйымдастырды.