Шымкентте 20 мыңнан астам көрермен «Нұр-Сұлтан, Қазақстан!» деп дауыстап, қолдайтындарын білдірді

349
Фото Серік Қосаев

Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайды. Үшінші мегаполисте өткен халықаралық Ashyk aspan фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әуеге ұшқан алып шарларды тамашалауға келгендердің қарасы тіптен көп болды. Фестиваль танымал рэп-орындаушы Наzиманың концертімен аяқталды.

Концерттің басында шымкенттіктерді мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов және көпке танымал хит әндерін орындаған шымкенттік өнерпаз Елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындарын айтты.

Олардың үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам көрермен «Нұр-Сұлтан, Қазақстан!» деп дауыстап, қолдайтындарын білдірді. Концерттің соңы Шымкенттің аспанын жап-жарық еткен мерекелік отшашумен аяқталды.

Биылғы жылы фестивальға 20 команда қатысты. 2020 жылы Шымкент ТМД астанасының мәртебесін қабылдаған кезеңде  ұйымдастырушылар 50 команданы қатыстырамыз деп отыр.