Шымкентте алғаш рет балалар бизнес-жәрмеңкесі өтеді

365

Жәрмеңкеге 6 жастан 14 жасқа дейінгі 60 бала қатысады. Олар өз қолымен жасалған тауарлар мен бұйымдарды әкеліп, өздері сататын болады. Осылайша, олар бір күн бизнесмен болады.

Мұндай жәрмеңкелер әлемнің 100-ден астам елінде өткізіледі. Аталмыш жәрмеңкеге қатысу көшбасшылық, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру мен жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі.

Жәрмеңкеге дайындық барысында балалар «Шымкент бизнес-мектебі 17» кәсіптік мектебінде оқыту тренингтерінен өтті.

Шараны ұйымдастырушылар «Шымкент ӘКК» АҚ және «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы болып табылады.

Өтетін уақыты және орны: 30 наурыз, 10.00, Арбат.