Бейбіт Қорған Шымкентте 500 баланың алдында ән салды

330

«Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында Шымкент қаласы Орыс драма театрының ғимаратында қазақстандық белгілі эстрада әншісі Бейбіт Қорғанның қатысуымен қайырымдылық концерті өтті. Аталған шараны балалар үйлері мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үшін Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы ұйымдастырды.

Концертке көрермен ретінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен қала тұрғындары қатысты.

Концерт бағдарламасына белгілі музыкалық композициялар енді. Кейбірін көрермендер әншімен қосыла шырқады. Әр концерттік номерді көрермендер белсенді қолпаштап отырды. Концертке келгендердің барлығын Бейбіт Қорған қуанышқа бөледі.
Сонымен қатар, сахнада полиция, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

Концерттің соңында балаларға қуаныш сыйлаған Бейбіт Қорғанға полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е. Жумаханбетовтың, қала әкімінің бірінші орынбасары Қ. Нұртайдың, сондай-ақ, Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы Т. Меңдібаевтың алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті.

Бейбіт Қорғанның концертін 500-ден астам бала тамашалады. Шара барысында олар эстрада жұлдызымен бірге ән шырқап, естелік суретке түсті.