Шымкентте іздеуде жүрген 40 адам анықталды

189

ҚР ІІМ министрі полиция генерал-майоры Е.Тургумбаевтың бұйрығымен 2019 жылдың 13-14-ші наурыз аралығында мемлекетаралық құқық қорғау органдарының қатысуымен кең ауқымды «Іздестіру» операциясы өткізілді. Арнайы операция «аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді іздестіру тиімділігін арттыру мақсатында» жүргізіліп отыр.

Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетовтың тікелей бақылауымен Криминалдық полиция қызметкерлері «Іздестіру» іс-шарасының аясында 40 адамды анықтады.

Оның ішінде қылмыс жасаған 23 адам ұсталды, із-түзсіз жоғалған 16 азамат және 1 мәйіт табылды.

Атап өтсек, Шымкентте жүргізілген «Іздестіру» («Розыск») операциясы барысында Ресей Федерациясында қылмыс жасаған деп күдіктелген Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, қолға түсті. Қазіргі таңда Ресей Федерациясына экстрадициялау бойынша жұмыстар жасалуда. Ресей Федерациясы Томск қаласында 2018 жылдан бері іздеуде жүрген. Ол есірткі заттарын өткізіп, тасымалдағаны үшін айыпталған. Ол 13-ші наурызда Шымкент қаласында Криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталды. Қазір ол қамауға алынды оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Адамдарды пайдалану үшін заңсыз сатумен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматы да осы «Іздестіру» іс-шарасы барысында анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда ол қамауда, жақын күндері Өзбекстан Республикасына экстрадицияланады.

Сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған жергілікті жердің 50 жастағы тұрғынын Шымкент қаласының полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы ауруханалардың бірінен тауып, жақын туыстарымен табыстырды.