Автокөлік иелеріне қызмет көрсететін орталыққа бүгін барудың қажеті жоқ. «Достық» шағынауданында орналасқан Арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ақпараттық жүйе техникалық ақауларға байланысты уақытша жұмыс істемей тұр.
Ішкі істер министрлігінің базасындағы техникалық ақауларға байланысты бүгін таңғы сағат 9:30 — дан бастап істемей тұр. Базаның қашан іске қосылатындығы белгісіз.