Шымкенттегі шағынаудандардың біріндегі жеке үй өртке оранды

93

11 наурызда Шымкентте жеке үй өртке оранды. Сағат 16:08-де Солтүстік-Батыс шағынауданындағы жеке үйде өрт болды. Оқиға орнына 30 апаттық-құтқару қызметкерлері және өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен Апат медицинасы орталығының командасы болды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 13 минутта жетті. Тілсіз жаудың кесірінен үйдің шатыры және шаруашылық заттары толық өртеніп кетті.

Құтқарушылар 25 литр сыйымдылығы бар газ баллонын сыртқа алып шықты. Өрт 16:28 минут кеткенде оқшауланып, 16:51 минутында толығымен сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны тексерілуде.