Шымкенттің полицейлері адасып қалған балаларды ата-анасына табыстады

157

Шымкентте үйінен шығып кетіп адасып қалған екі баланы тәртіп сақшылары тауып алды. Наурыз мерекесі қарсаңында 13 жастағы жасөспірім ұл бала 5 жасар інісін ертіп үйлерінен үлкендерден сұранбай шығып кеткен.​

Жаяулатып сейілдеп жүріп қала сыртына шығып, адасып кеткендіктерін аңғармай да қалған көрінеді. Мерекелік серуен өткізілетін қаладағы Наурыз алаңы мен Бәйдібек би ескерткішіне барғандықтарын балалар​ полицейлерге әңгімелеп берген. Екі бірдей ұлынан көз жазып қалған ата-ана балаларды әбден іздеп жыларман болған. Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасында ата анасы мен екі перзенті​ табысты.

«Шұғыл қимылдап,​ балаларды тауып туыстарына табыстаған полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды»-депхабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.