Шымкентте үйінен шығып кетіп адасып қалған екі баланы тәртіп сақшылары тауып алды. Наурыз мерекесі қарсаңында 13 жастағы жасөспірім ұл бала 5 жасар інісін ертіп үйлерінен үлкендерден сұранбай шығып кеткен.
Жаяулатып сейілдеп жүріп қала сыртына шығып, адасып кеткендіктерін аңғармай да қалған көрінеді. Мерекелік серуен өткізілетін қаладағы Наурыз алаңы мен Бәйдібек би ескерткішіне барғандықтарын балалар полицейлерге әңгімелеп берген. Екі бірдей ұлынан көз жазып қалған ата-ана балаларды әбден іздеп жыларман болған. Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасында ата анасы мен екі перзенті табысты.
«Шұғыл қимылдап, балаларды тауып туыстарына табыстаған полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды»-депхабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.