Шымкенттің жастары Елорданың «Нұр-Сұлтан» қаласы деп аталуын қолдайды

175

Қазақ елінің тұңғыш Президенті Сіздің жетекшілігіңізбен еліміз бағындырған шыңдар жетерлік. Толайым табыстардың тізбегінде басты құндылығымыз – Тәуелсіздікке қол жетіп, ғаламның саяси картасында Қазақстан Республикасы деген алып мемлекет дүниеге келді.

Президенттік өкілеттілігіңізді тоқтату жөнінде саяси шешім қабылдағаныңыз біздерді, Қазақстан жастарын ерекше қимастық сезімге бөледі.
Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер, төресіз ел болмайды” дегендей, бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек.

Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, Ел Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенеміз!
Барша жұрттың ризашылығына бөленген Тұңғыш Президентімізге алғыс айта отырып, Елордамызға Нұрсұлтан атауын беру туралы шешеімді қолдаймыз.

Өзіңізге деген ізгі ниетпен, Шымкент қаласының жастары