2019 жылы 20 наурызында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның қызметкерлері үйінен шығып кеткен 80 жастағы қарт ананы тауып, туыстарына табыстады. Тәртіп сақшылары Шымкент қаласындағы Сайрам елді мекенінде көшеде жалғыз жүрген қарт апаны көріп, оны сұрастыру барысында өзінің нақты қай жерде жүргенін білмей, адасып қалғанын анықтады.
Полиция қызметкерлері апаны тез арада Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция пунктіне жеткізді. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде адасқан апаның мекен-жайы Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылының тұрғыны екендігі анықталып, мекен-жайына жеткізіліп, туған-туыстарына тапсырды.