Шымкенттік полицейлер жер аударып, көшет егіп берді

692

Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз мерекесіне орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары офицерлер жиналысында «Қарттарға қолғабыс» атты үндеу қабылдап, әкімшілік аумақта мүмкіншілігі төмен қарттарға көмек көрсетті.

Сол қариялардың бірі Тұңғышбаева Алима апайдың үйіндегі ауласында полиция қызметкерлері жер аударып, жеміс ағашының көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар, Алима апайдың ауласында раушан гүлдері өсіп тұрса деген арманын полиция қызметкерлері орындады. Олар раушан гүлдері отырғызылған гүлзар орнатып берді.

Еңбекші ауданының полиция басқармасымен бастау алған «Қарттарға қолғабыс» атты іс-шарасы ары қарай өз жалғасын табады.