Шымкенттік студенттер Малайзияда білім алады

122

Мұндай мүмкіндікке Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің студенттері ие болып отыр. Олар аталған оқу ордасында білім алып жүріп-ақ шет мемлекетте ақылы түрде оқи алады. Тіпті осы колледж студенттері үшін қарастырылған арнайы жеңілдік те бар.

Тіл білмей, өзін тежеп жүрген студенттерге арнайы тегін дайындық курсы қызмет етеді. Бұл ақпараттардың барлығын студенттер Малайзиядан презентациямен келген Ирина Ким ханымнан естіп білді. Осындай мүмкінкті қалт жібермейтін Талғат Наурызбай келесі жылы шетелдік оқу орнының студенті атануға ниетті.

Талғат Наурызбай, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті: «Малайзиядан келген маман бізге көптеген ақпараттар берді. Және де сол Малайзияда оқуға көп мүмкіндік бар екен. Осы оқу орнына түсуге көп мүкіншілік ұсынды. Біраз ақпараттар алдық. Енді осы колледжге түсуге талпынамыз».

Меруерт Ахан