Шымкенттіктер Елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайды

192

Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз — «НҰР-СҰЛТАН» акциясы өтуде. Іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді.

Егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі олар. Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, «Өркен» отбасылық квинтеті мен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетуде.