Шымкент қаласы Абай аудандық сотында судьялардың, прокурордың, мемлекеттік органдар өкілдерінің, адвокаттардың және сот қызметкерлерінің қатысуларымен Шымкент қалалық соты оқу орталығының 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сай «Соттың шақыртуы бойынша сот отырысына келмейтін мемлекеттік органдар өкілдері мен лауазымды тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар тәжірибесі туралы » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында, судьялар талап қою арызды дайындау барысында орын алатын мәселелерді атап өтті, ол бойынша қатысушылармен пікір алмасты, заңда көзделген талап қою арызға қойылатын талаптар және сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары мен жауапқа тарту тәртібі түсіндірілді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар орын алған пікірталас бүгінгі күні маңызды екендігін, дөңгелек үстелді өткізудің өзектігін айта кетті.