Сот жүйесінің ардагері студенттермен кездесті

253

Сот жүйесінің ардагері,  «Үш би» құрметті төсбелгісінің иегері Гүлжахан Құмалақова студент жастармен кездесті. «Бұл басқосу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын студенттерге түсіндіру және колледж ұстаздарымен, ой бөлісу мақсатында ұйымдастырылып отыр»-деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Арыс қаласындағы кәсіптік колледжі студенттеріне қадірлі қонақ Елбасы мақаласын жан жақты түсіндіріп қана қоймай, сот жүйесінің жаңалықтарын да жеткізді.
Кездесуге Арыс аудандық сотының төрағасы мен судьялары, колледж басшылығы мен оқытушылары қатысты.
Іс-шара барысында сот жүйесінің ардагер мақаланың маңыздылығына тоқталып, оның тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Колледж студенттері де ардагер судьяға көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жиын соңында колледж директоры Б.Ділдабеков ұжым атынан қонақтарға алғыс білдірді.