Шымкентте сотқа пара беру үшін ақша жинаған заңгерге сот үкімі шықты. Пара алды деген 31 жастағы азамат 7 жылға сотталды. Айыпталушы тараптан жазасын жеңілдету үшін ақша алды деген күдіктінің үстінен бір топ шымкенттік тұрғындар ҰҚК-нің департаментіне арызданған.
Заңгерді құзырлы орган өкілдері ақша алу үстінде қолға түсірді. Бірақ сотталушы ақшаны «судьялар үшін» алмағанын, тек өз қажеттілігі үшін жаратпақ болғанын мәлімдеген. Сот шешімі бойынша 31 жастағы азамат алаяқтық және пара беруге арандатушылық үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға темір торға тоғыту туралы үкім шығарды.
Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді: «Сотталушы ҚР ҚК — нің 190 бабының 2-ші бөлігі 2-ші тармағымен, 367 баптың 3-ші бөлігі 3-ші тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға сотталды. 10 жылға құқықтық қызмет көрсету құқығынан шеттетілді».
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді. Дегенмен айыпталушы тарап қылмыстық істі аппелляцияда қайта қарау жөнінде шешімін жария етпеді.
Лаура Нақыпқызы