Түркістан облысының өнерпаздары Анкарада өнер көрсетті

172

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркістан облысының өнерпаздары Түркия Республикасының Анкара қаласында өнер көрсетті.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шарада елімізге танымал композиторлардың шығармалары орындалып, қасиетті қара домбырамен дәстүрлі әндер шырқалды.
Анадолы елінде өткен мерекелік шарада Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу «Алғыс айту» күнімен құттықтады.

-«Қазақ халқына месхет түріктері және жеке өзімнің атымнан мың да бір алғыс айтамын. Алғыс айту күні алдағы уақытта түркітілдес халықтар арасында кеңінен аталып өтуіне тілектеспін. Бұдан кейінгі жылдарда шартарапта өмір сүретін месхет түріктері, Қазақстанда сүретін 130 ұлт өкілімен қазақ халқына алғысын білдіру үшін бас қосуына тілектеспін»,-деді Ялчын Топчу.

-«Қазіргі таңда Түркияда 20 мыңнан астам қандасымыз өмір сүреді. 1930 жылдары көшкен отандастарымыз бүгінде елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарып отыр. Осы жылдары қазақ халқына қамқор бола білген түрік халқына алғыс айтамын»,-деді Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы.