Түркістан облысы Полиция департаменті жанынан консультативтік- кеңесші орган құрылды. Түркістан облысының Полиция департаменті жанынан Ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамына сәйкес және полиция қызметкерлерінің халық арасындағы сенімділігін арттыру мақсатында Түркістан қаласында негізгі бағыты полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге арналған консультативтік-кеңесші органы құрылды.
Консультативтік-кеңесші органдардың шешімі кеңес беру жағын қамтамасыз етеді. Олар полиция өміріне, қызметіне бағытталған мемлекеттік саясат пен сұрақтардың полиция қызметінің ашықтылығы мен тазалығы, қоғамның полициямен бірге өзара қарым қатынасын, ҚР азаматтарының құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді.
Консультативтік-кеңесші органның негізгі қызметтері Қазақстан Республикасы Конституциясының «Ішкі істер органы туралы» заңына негізделген және т.б. заңдарды қамтиды, сондай-ақ, қазіргі уақытта ішкі істер органы жанындағы консультативтік-кеңесші орган туралы типтік ережесіне сәйкес іске асырылады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ККО-ның мүшелері Консультативтік-кеңесші органның төрағасын сайлады. ККО-ның құрамы арнайы азаматтық қоғамның түрлі сегменттерінен құрылды. Органның құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлер мен тағы да басқа ұйымдардың өкілдері кіреді. ККО-ның төрағасы болып Түркістан облыстық Еңбек және ҰОС ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, ҚР ІІМ құрметті ардагері Есалы Нұржанов сайланды.
ККО-ның мүшелері ұсыныстарымен тікелей үкіметтік емес ұйымдарға және ішкі істер органының қызметіне қатысты туындаған сұрақтар бойынша ұсыныстар жасай алады.
Осы уақытқа дейін ККО үш рет жиналыс өткізді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен ККО-ның бірінші жиналысында органның алдағы атқарар тапсырмалары мен мақсаттары талқыланды.
Ал екінші жиналысында ККО-ның мүшелерімен ҚР ішкі істер органдарының 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында бірқатар мәселелер талқыланды. Ішкі істер органдарының ІІМ тарапынан беріліп жатқан әрбір істі іске асыруға консультативті-методикалық кеңестер берілді. Сондай-ақ кеңес отырысында Полиция департаменті қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы талқыланды. Полиция қызметкерлерінің арыз шағымдарды қарау деңгейін жоғарылату бойынша түрлі мәселелер көтеріліп, оңтайлы шешімін табу тарапы қарастырылды. Ал, үшінші кеңес отырысында Полиция қызметкерлеріне байланысты екі мәселе, яғни біріншісі Жетісай АПБ-нің полиция қызметкері мен аудан орталығындағы емханада жұмыс істейтін медбике арасында болған кикілжің бойынша, екінші мәселе автокөлігін тыйым салынған жерге қойған полиция қызметкеріне қатысты жағдай қаралды. Аталған мәселелер бойынша тараптардың айтар уәждері жекелеп тыңдалып, кикілжің туындаған жайттар бойынша келісім жасалды. Жиналыс барысында қаралған мәселелер оң шешімін тапты.
ККО-ның мүшелері халықтық жиындарға қатысып, азаматтардың сұрақтарына, үндеулеріне назар аударып, алынған ақпарларға Түркістан облысы Полиция департаментінің бірінші басшыларының қатысуымен ККО-ның жиналыстарында талдау жасайды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың патриоттылық сезімін арттыру, отанға деген махаббат сезімін күшейту, рухани азық беру мақсатында ҚР Президентінің «Жастар жылы» және «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта қала жастары, студенттері, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары арасында мини футбол, волейбол секілді спорттық ойындарын ұйымдастыруды басты назарға алды.