Облыс орталығы болған Түркістанға келіп, кетер адам көп. Және де туризм саласын дамыту мақсатында қаладан 20 шақырым жерде әуежай салу жоспарланған.
Жақында ғана Түркістан облысы қызметіне тағайындалған Өмірзақ Шөкеев барлық мүмкіндіктерді қарастырып, әуежайдың жобалық — сметалық құжатына өзгерістер енгізу жөнінде Үкімет кеңесін пайдаланып ұсынысын премьер- министрдің өзіне жеткізді.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Жаңа әуежай Түркістаннан 20 шақырым жерде салынады. Әуе айлағына 900 гектар жер бөлінді. Барлығын зерттеп, Үкіметке ұсыныс жасаудамыз. 500 жолаушыға емес, 250 — ге шақталған әуежай керек. Сонда 40 млрд. теңге қаржыны үнемдейміз. Екі есе сонда. Әуежай инветорлардың қаржысына салынады».
Тәжірибесі мол іскер басшы Түркістан мен Кентау арасындағы республикалық маңызы бар 26 шақырым мен Шәуілдірге баратын 70 шақырым автомобиль жолын 1 санатқа енгізу бойынша ұсыныс жасады. Үкімет тарапынан қолдау тапса, екі бағыттағы жол тақтайдай болады.
Шынар Оразова