Көктемнің шұғылалы мерекесі саналатын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамында Түлкібас АПБ-нің полицейлері көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін құттықтады.
Түлкібас АПБ-нің уақытша ұстау изоляторында қызмет атқарып жүріп қайтыс болған Нұрғали Молдақұловтың жұбайына сый жасады. Тәртіп сақшылары өз қаражаттарына азық-түлік алып, көп балалы анаға табыстады. Мерекеде күтпеген жерден тосын сыйға кенелген ана сақшыларға жүрек жарды сөздерін арнады. Тәрбиелеп отырған 6 балапаны мен өзінің тарапынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді.