«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастырып отырған байқау тарихы тереңге тамыр тартқан, Елбасы Жарлығымен облыс орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру мақсатында қолға алынған.
Ұлы Тұранның орталығы – Түркістанды насихаттауға арналған әдеби додаға республикамыздың кез-келген өңірінен қаламгерлер қатыса алады. Байқау проза және поэзия жанрлары бойынша өтеді. Оған шығармаларды 13 наурыз бен 7 маусым аралығында жолдауға болады.
Әр жанр бойынша жүлделер бөлек анықталып, жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқауға түскен шығармаларды ақын-жазушылардан, ғалымдардан, сыншылардан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралған әділ қазылар алқасы сараптайды. Жүлдегер атанған шығарма авторлары Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру жөніндегі Жарлығының 1 (бір) жылдығына орай, яғни, 19 маусымда Түркістан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Түркістан Өңірлік коммуникация қызметі