Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады.
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында полиция бөлімшесіне Келес ауданының тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері маскадағы белгісіз тұлғалардың жәбірленушінің үйіне кіріп, соққыға жығып, байлап, ақша мен алтындарын алып кеткендігін анықтаған. Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Тонау» бойынша ЕРДР-де тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы бір миллионнан астам теңгені құрады.
Қылмысты ашу мақсатында Келес аудандық ПБ барлық қызметкерлері мен Түркістан облысының ПД-нің қызметкерлері жұмылдырылды. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінің арнайы тергеу-жедел тобы күдіктілерді анықтауға және оларды қамауға алу үшін жан-жақты жұмыс жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан облысының ПД қызметкерлері күдіктілерді құрықтады. Олар Түркістан облысының бес тұрғыны болып шықты. Олардің бірі жәбірленшілердің туысқаны болып шықты. Әрі тонау оқиғасының «авторы» да сол екен. Полиция қызметкерлері олардан аңшылық мылтық, маска және басқа да материалдық дәлелдерді тәркіледі.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы «Тонау» және 287-б. «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша екі бап бойынша алдын-ала тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.