«Халық банк» шымкенттік кәсіпкерлерге таңғы ас берді. Сөйтіп, өздеріндегі соңғы жаңалықтарымен таныстырды. Тәтті шайға шақырылғандарға 7 күн, тәулігіне 24 сағат қалтқысыз қызмет көрсететінін жеткізді. «Халық бизнес» ашық есік күні аясында банктің түрлі қосымшалары таныстырылып, тұсауы кесілді.

Бизнесмендер мен банк арасындағы байланысты нығайту үшін ұйымдастырылған шара еркін форматта өтті. Әрі «Онлайнбанк халық» қосымшасының тиімділігі түсіндірілді. Клиенттері үшін барлық жағдайды жасайтын банк ұжымы олардың уақытын үнемдейтін қызмет түрін көптеп қосуда. Мекемеге келіп, бас қатырмаудың тетіктерін көрсетіп берді.

Әнуар Мақұлбаев, облыстық филиалының директоры: «Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның басты мақсаты — «Халық банктің» жаңа өнімдері мен жаңа мүмкіндіктерін клиенттерімізге таныстыру. Мұндай форматта алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Клиенттерімізден бөлек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қорының да басшылары келіп отыр».

Тірлігін «Халық банк» арқылы тындырып, бизнесін дөңгелетіп отырғандардың бірі — «Қарқын-2030» серіктестігі. Директоры дәл осы банк арқылы қаржылық операцияларды атқару тіиімді деп отыр. Сондықтан да таңдауына өкінбейді.

Нұрмахан Абдибаев, «Қарқын-2030» ЖШС директорының орынбасары: «Шикізат өндірісін дамыту үшін «Халық банктен» қаржы сұрап отырмыз. 250 млн. теңге. Қазір банкпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақыттта қаржыны алып, дамимыз деген ойым бар».

«Халық банк» интернет арқылы жасалатын төлем бойынша көш бастайды. Қаржы ұйымының ел бойынша 630 бөлімшесі қызмет етеді. Ал өткен жылдың қаржы айналымы рекордты 950 миллиард теңгені құрап отыр. Сондықтан да 275 000 заңды тұлға осы банкті таңдайды. Себебі, Қазақстанның Халық банкі ыңғайлы, тез әрі сенімді.

Меруерт Ахан