Заңсыз жолаушылар тасымалын жою мақсатында рейдтік іс шаралар жалғасуда

436

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар Созақ ауданында өтті. Оған облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Созақ аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болды. Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Созақ ауданының полиция бөлімі атсалысты.

Рейдтік шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан қоғамдық көліктерге қатысты хаттама түзілді.Бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі