Келес ауданындағы Жүзімдік ауылдық округі 50 жылдық мерекесін тойлады. Мерекелік іс шара Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, құран оқумен басталды. Ауыл тарихы, ел басқарған азаматтар, сондай ақ ауылда атқарылып жатқан игі істер бейнеролик арқылы көрсетілді.

50 жылда ел жаңа атты іс шарада мерекелік концерт, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік концертте аудан өнерпаздары мен қатар, Республикаға танымал өнер қайраткері Асан Пердеш сынды өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Футболдан өткізілген жарысқа ауданнан 18 команда, волейболдан 10 команда қатысып, жарыс тартысты өтті. Жеңімпаздарға медалдар мен қаржылай сый-сыйапат жасалды. Ауыл әкімдігі тарапынан 50 жылдыққа 50 іс-шара бекітілді. Іс-шара аясында Ұлы отан соғысына арналған ескерткішті абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ ауыл жастарының ұйымдастыруымен ауылға қақпа орнатылды.

Ауылдың 50 жылдығы құрметіне Б.Қалмаханов көшесіне жарықтандыру жүргізіліп, мереке қарсаңында жарық берілді. Жалпы мерекелік іс шараға 500 ге жуық адам қатысты.