15 наурыз күні, Шардара АПБ кезекші бөліміне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің өз үйінің ауласында асылып қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Бұл жәйт Шардара АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105 б. «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді.
Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерімен тергеу барысында анықталады. Іс ТО Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
ТО ПД баспасөз қызметі.