Жас футболшылар жүлде жеңіп алды

321

«Ордабасының» жас футболшылары Махамбет Сапарбаевтың жүлдесін жеңіп алды. Дәстүрлі турнир биыл да футбол маусымын ашып берді.

Халықаралық жарыс жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып, бес күн бойына өтті. Ақтық сында «Ордабасы» футбол орталығының жеткіншектерімен қалалық №17 футбол мектебінің шәкірттері кездесті. Бұл жолы ордабасылықтардың жолы болды. Алғашқы үштікті «Қыран» футбол клубының ізбасарлары қорытындылады.