Жоғалған 18 жылқы иесіне қайтарылды

480

Келес ауданында жергілікті тұрғын 18 бас жылқысының жоғалғанын білгеннен соң, өздігінен іздеуге кіріседі. Үш күн бойы іздеген іс-әрекеттері нәтиже бермегендіктен жергілікті учаскелік полицейге көмек сұрап барған. Полицей АПБ-не хабар беріп, жәбірленушімен бірге іздестіруді жалғастырып кетеді.

Жоғалған жылқыларды іздестіру үшін Келес АПБ-нің қызметкерлері алдын алуға бағытталған, яғни аулаларды аралау мен  түрлі шаралар кешенін іске асырды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары ондаған шақырымды жердегі көрші ауылдан жоғалған жылқыларды тапты. Белгілі болғандай, мал иесі жылқыларды қараусыз бос жайылымда қалдырған, сондықтан жылқылар жайылымнан ұзап кеткен. Атқарылған іс-шаралардан кейін полицейлер жоғалған жылқыларды заңды иесіне қайтарды.

Келес ауданының тұрғыны Нұрбек Абилов, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мухиддин Алдабергеновке және Келес АПБ-нің барша қызметкерлеріне жоғалған жылқыларын іздестіруге көмектесіп, кәсібилік танытқандары үшін алғысын білдірді.